World News in Kazakh

Жамбыл облысындағы тасжолда жаңа көліктер тиелген автотасымалдаушы өртеніп кетті

Жамбыл облысындағы тасжолдардың бірінде жаңа көліктер тиелген көлік тасымалдаушы өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео әлеуметтік желілерде пайда болды.

Кадрларда өртеніп кеткен сегіз көлік көрсетілген – олардың арасында кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер де бар. Тасымалдаушы көлік те толығымен жанып кеткен.

"Қызып кеткен сияқты немесе басқа нәрсе. Мүмкін тұйықталу. 8 жаңа көлік өртеніп кетті. Қазір күн ыстық, көліктерге қараңыздар, температурасын қараңыз. Дөңгелектеріне қараңыз. Себебі бетонда, көлік қызады.Ең бастысы, жүргізушілер аман", - дейді кадр сыртындағы дауыс.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бұл оқиға 27 шілдеде Қордай ауданында болған.

"Сағат 22:33-те Қордай ауданында "Алматы-Ташкент" республикалық маңызы бар тасжолдың 177-шақырымында 8 көлік тиелген жүк тасымалдаушы толығымен өртеніп кеткені туралы хабарлама түсті", - деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына жедел қызмет (6 адам мен 2 техника) жетті. Өрт сағат 00:12-де сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net