World News in Kazakh

Бектенов тасжолдардағы ұялы байланыс сапасын сынға алды

Бектенов тасжолдардағы ұялы байланыс сапасын сынға алды

Премьер-министр Олжас Бектенов қала сыртындағы жолдарда ұялы байланыстың нашарлығы мәселесін көтерді. Ол жол апаты жағдайында зардап шегушіде көмекке шақыру мүмкіндігі де болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, премьер-министр Қарағанды-Алматы тасжолын атап өтті.

"Қала маңындағы жолдардың тағы бір проблемасы - ұялы байланыстың нашарлығы. Мысалы, Қарағанды - Алматы тасжолы үш облыстың аумағы бойынша - жалпы ұзындығы 500 шақырым учаскеде ұялы байланыс жоқ. Жол-көлік оқиғасы болған жағдайда зардап шегушінің жедел жәрдем қызметін шақыруға мүмкіндігі жоқ. Цифрландыру министрлігі автожолды мобильді байланыспен қамтуды жеделдетуі қажет", - деді Бектенов Үкімет отырысы барысында.

Сондай-ақ, жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігін бақылайтын бейнекамералар мен басқа да құралдар жеткіліксіз, "кейбір жерлерде олар жұмыс істемей тұр", деп қосты премьер-министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net