World News in Kazakh

Жыл аяғына дейін 7 мың шақырым жолды жөндеуге уәде берілді

Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев елдегі жолдардың жағдайы туралы есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, биыл Қазақстанда жалпыға ортақ 12 мың шақырым жолдың құрылысы мен жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оның 8 мыңы республикалық маңызы бар жол болса, 4 мыңы жергілікті маңызы бар жолдар.

"Шалқар - Ырғыз, Жезқазған - Петропавл, Қарағанды - Қарқаралы - Аягөз және басқа да жол учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл қорытындысы бойынша 7 мың шақырымдағы жұмыстарды аяқтау жоспарланған. Атап айтқанда, Қарағанды - Алматы, Талдықорған - Өскемен, Ақтөбе - Атырау - Астрахань және Мерке - Бурылбайтал жолдары учаскелерінде I және II техникалық санат параметрлері бойынша жұмыстар аяқталады. Жалпы қабылданып жатқан шаралар жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етеді", - деді Марат Қарабаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net