World News in Kazakh

Жамбыл облысында полицейлер әлеуметтік желілер арқылы құқық бұзушылық жасағандарды анықтауда

Полиция қызметкерлері патрульдеу жұмыстарынан бөлек, интернет желілеріне мониторинг жасау арқылы құқық бұзушыларды анықтауда.
Жуырда «Тик-ток» желісін мониторингтеу барысында Т.Рысқұлов ауданында үйлену тойының алдында кортеж ұйымдастырып, жол ережесін өрескел бұзған жастар тобы анықталды. Бейнежазбадағы «Audi S4», «LADA 2107», «Volkswagen Golf», «Mitsubishi Pajero» және «LADA 2115» маркалы автокөліктерінің иелеріне жол қозғалысына қатысушының жол жүрiсi қағидаларын апаттық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылықтары, мiндеттi сақтандыру туралы заңнаманы бұзу, қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану қағидаларын сақтамау, басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқарғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылып, барлығы 203 060 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті, сонымен қатар, құқық бұзушылықтарды «102» арнасына хабарлауды немесе @zhambyl_police парақшасына жолдауға болатынын жеткізеді. Барлық хабарламалар бойынша дер кезінде қажетті шаралар қабылданады.
Құрметті жүргізушілер! Көлік жүргізу мәдениетін сақтау — жол тәртібін арттырып, апаттардың алдын алады. Есіңізде болсын, жол – қателікті кешірмейді!

Сообщение Жамбыл облысында полицейлер әлеуметтік желілер арқылы құқық бұзушылық жасағандарды анықтауда появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на 123ru.net