World News in Kazakh

Жамбыл облысындағы орман шаруашылығы мекемелері жаңа техникалармен толықты

Жамбыл облысында орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жалғасуда.

Өңірде табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі 15 мекеме жұмыс істейді.

Биыл аталған мекемелерге қажетті техникаларды алу үшін 280 млн. теңге бөлінді. Нәтижесінде 3 трактор, 3 кіші өрт сөндіру автокөлігі, 10 патрульдік автокөлік, 10 соқа, 8 дискілі тырма және тағы басқа қажетті агрегаттар алынды.

Өткен жылы мекемелер 9 трактор, 7 автокөлік, 10 өрт сөндіру мотопомпасы, 4 дисклі тырма және 40 мобильді рациямен қамтылды.

Айта кетейік, Жамбыл облысында 4 млн. 414 мың гектар мемлекеттік орман қоры бар. Оның 2 млн. 357 мың гектары орман ағаштарымен көмкерілген. Жалпы орман қоры жерлері облыс аумағының 30,8 пайызын алып жатыр.

Қазіргі таңда ормандарды молайту жұмыстары жүргізілуде.

Жоспарға сәйкес соңғы үш жылда орман қорына 67,2 млн. ағаш егілді.

Атап айтқанда, 2021 жылы – 7 300 гектарға 10 563 дана, 2022 жылы – 13 660 гектарға 24 500 дана, 2023 жылы – 18 812 гектарға 32 218 дана қарағаш және сексеуілдің көшеттері егіліп, тұқымы себілді.

Биыл 4 728 гектар алқапқа 13 387 дана қарағаш және сексеуіл екпесі отырғызылды.

Сообщение Жамбыл облысындағы орман шаруашылығы мекемелері жаңа техникалармен толықты появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на 123ru.net