World News in Kazakh

64 жастағы қазақстандық Олимпиадаға велосипедпен жетті

Қазақстандық зейнеткер Рәббім Борашев ұлттық құраманы қолдау үшін 5 мың шақырым жол жүріп өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz.

64 жастағы қазақстандық велошеруді мамыр айында бастаған. Көпкүндік саяхат Ақтаудан басталып, Париждегі Триумф аркасында аяқталды.

"Олимпиадаға бару – армандарымның бірі еді. Жас күнімде арманымды жүзеге асыруға мүмкіндігім болмады, алайда биыл соның сәті түсіп тұр екен. Жаңбырға төтеп беру, шекарадан және қала арқылы өтуге уақыт пен шыдам қажет, бірақ мен өз дегеніме жеттім", - деді Рәббім Борашев.

Велосипедші алдымен Ақтаудан Бакуге, содан кейін Грузия арқылы маусымда Түркияға жеткен. Әрі қарай Мажарстан, Аустрия және Германия арқылы Парижге табаны тиді.

Рәббім Борашев зейнеткерлік жасқа дейін құрылыс саласында жұмыс істеген. Кейінгі жылдары велоспортпен тұрақты айналысып, бірнеше рет жарыстарға да қатысып үлгерген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net