World News in Kazakh

ҰБТ-дан 1 балл жинаған қазақстандық 10 шетелдік университетке шақырту алды

Биыл ҰБТ-дан 1 балл жинап, елді шулатқан Ерасыл Уәлиев Түркияның 10 университетінен шақырту алған. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жазбада Ерасыл барлық шақырулардың скриншоттарын көрсетті.

Özyeğin University: Жасанды интеллект

OSTİM: Авиация және ғарыш техникасы

Final University: Стоматология

Antalya Bilim University: Сәулет

World Peace University: Бағдарламалау

Domus University: Ойын дизайны

KOSTU: Бағдарламалау

Вeykent University: Актерлік шеберлік

Еске салайық, бұған дейін Ерасыл Уәлиев Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша 1 балл жинағанын хабарлаған едік.

Кейінірек Ұлттық тестілеу орталығы қызметкерлері Ерасыл Уәлиевтің екі рет - 12 және 30 маусымда Алматыда тестілеуден өткенін мәлімдеді.

"12 маусымда бұл тест тапсырушы 93 балл жинады, 30 маусымда ол 1 балл жинады, бірақ ол тестілеуден бар болғаны 4 минут өткенін атап өткен жөн", - деп түсіндірді тестілеу орталығы қызметкерлері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net