World News in Kazakh

Түркістан облысында лицей жатақханасынан өрт шықты

Түркістан облысында Отырар ауданындағы лицей-интернаттардың бірінде жатақхана шатыры өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ТЖМ күштерімен өрт оқшауланған. Жатақханада бір күзетші болған. Өрттің ауданы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

"ТЖМ күштерімен 561 шаршы метр алаңда өрт толығымен сөндірілді. Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net