World News in Kazakh

1 тамыздағы жарыс кестесі. Бүгін кімдер жарыс жолына шығады?

Tengri Sport 1 тамызда Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы спортшыларының жарысқа қатысу бағдарламасын дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

12:43 Садақ ату, жекелей, ерлер арасында. Дәулеткелді Жаңбырбай мен Jorge Enriquez (Колумбия) бақ сынасады.

13:00 Дзюдо, ерлер арасында 100 келіге дейінгі салмақта 1/16 финал. Нұрлыхан Шархан мен Toma Nikiforov (Бельгия) күш сынасады.

15:00 50 метрден мылтықтан үш позицияда оқ ату (әйелдер). Қазақстанның намысын Арина Алтухова мен Александра Ле қорғайды.

18:30 Бокс, алдын ала кезең, әйелдер арасында 50 келіге дейінгі салмақта 1/8 финал. Назым Қызайбай мен Caroline Barbosa de Almeida (Бразилия) жұдырықтасады.

20:54 Бокс, ерлер арасында 92 келіге дейінгі салмақта ширек финал. Айбек Оралбай мен Loren Berto Alfonso Dominguez (Әзербайжан) жұдырықтасады.

21:19 Садақ ату, 1/32 финал, ерлер арасында. Александр Еременко мен Baptiste Addis (Франция) бақ сынасады.

00:20 (2 тамыз) Бокс, ерлер арасында 63,5 келіге дейінгі салмақта ширек финал. Мухамедсабыр Базарбай Уулу мен Lasha Guruli (Грузия) күш сынасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net