World News in Kazakh

Алматыда полиция автобусы жол апатына ұшырады

Алматыда полиция автобусы жол апатына ұшырады

Алматыда полиция автобусы жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 1 тамызда таңертең Қабанбай батыр мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында болған.

Фото Facebook/Евгений Мухамеджанов

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, бүгін таңғы сағат 07:40-та Қабанбай батыр мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметтік көлігі ұшыраған жол апаты бойынша тергеу басталды.

"Апат салдарынан "Сузуки" маркалы автокөліктің жүргізушісі зардап шекті. Ол қаланың ауруханаларының біріне жеткізілді. Жол-көлік оқиғасының басқа да мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net