World News in Kazakh

Боррель Қазақстанға келу себебін түсіндірді

Боррель Қазақстанға келу себебін түсіндірді

Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Қазақстанға неге келгенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1 тамызда Еуроодақ өкілі Жозеп Боррель Қазақстанға ресми сапармен келді. Сапар аясында Астанада премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер жүргізді.

Журналистерге сұхбат берген Еуроодақ өкілі бұл оның Қазақстанға екінші сапары екенін атап өтті.

"Менің Еуропалық Одақ өкілі ретіндегі мандатым үш айдан кейін аяқталатындықтан, мен үшін Еуроодақтың тұтастай алғанда Орталық Азия, сондай-ақ Қазақстанмен өңірдегі ең мықты ел ретінде ынтымақтастықты нығайтуға деген зор қызығушылығы мен адалдығын растау үшін Астанаға келу өте маңызды болды", - деді Жозеп Боррель.

Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі өкілінің айтуынша, осы бес жыл ішінде Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасында өте қарқынды өзара іс-қимыл болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net