World News in Kazakh

Прокуратура: Шораевқа қатысты іс тоқтатылды

Қоғам қайраткері Арман Шораевқа қатысты іс тоқтатылды. Бұл туралы Астананың Нұра ауданы прокуратурасы растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2024 жылғы 24 шілдеде Нұра аудандық полиция басқармасы А.Т.Шораевқа қатысты Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Бұзақылық мақсатпен ұрып-соғу" - еск.) бойынша қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды", — деп хабарлады Tengrinews.kz сауалына Астана прокуратурасы.

Бұл ретте бұл әрекет "қылмыстық теріс қылыққа" жататыны атап өтіледі.

Бұған дейін желіде қызды ұрып-соғу сәті түсірілген видео пайда болды, ол Астана аулаларының бірінде түсірілген. 17 маусымда полицияда А. Ш-ға қатысты бірге тұратын әйеліне дене жарақатын салу дерегі бойынша соталды тергеу басталғаны туралы хабарланды.

Арман Шораевтың өзі видеоға қатысы барын жоққа шығарды. Ол Facebook-парақшасында жасанды интеллект кінәлі деп жазды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net