World News in Kazakh

"Алматыға табыс табуға кеткен". Екі жыл бұрын жоғалып кеткен жігіт тірі табылды

Екі жыл бұрын жоғалып кеткен Шу қаласының тұрғыны тірі табылды. Бұл туралы Lider.kz еріктілері инстаграм-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1999 жылы туған Бабакин Николай Алматыға табыс табу үшін кетіп, 2022 жылдың 14 қыркүйегінен бастап байланысқа шығуды тоқтатты. Жас жігітті іздеуге салды, бірақ нәтиже болмады. Екі жылдан кейін жоғалған адам табылды.

Еріктілердің айтуынша, ер адам қамауда отырған. Ол жайлы басқа мәліметтер әзірге белгісіз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Волонтеры Алматы "LIDER.KZ" (@volontery_almaty_lider.kz)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net