World News in Kazakh

Саясат Нұрбек грант алмаған түлектерге пайдалы кеңес берді

Саясат Нұрбек грант алмаған түлектерге пайдалы кеңес берді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек грант алмаған түлектерге пайдалы кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы уақытта елімізде орын алған су тасқыны бүкіл елге ортақ сынақ болды. Осы жағдайға байланысты, біз жоғары білім алуға гранттардың аз ғана бөлігін зардап шеккен өңір түлектеріне бөлдік. Саны көп те емес, 5112 грант. 20 мыңнан астам түлек су басқан өңірден бітірсе, соның 10 мыңнан астам түлегі өздеріңізбен бірдей жалпы конкурспен өтті. Біз оны әділ және ашық түрде бөлуге бар күш-жігерімізді салдық.

Кешегі ата-аналар мен балалардың қуаныш жасын көріп, біз де бірге қуандық. Бірақ, өкінішке орай, біз грант ала алмаған түлектер мен отбасылардың мұңында да біргеміз. Көптеген адам министрлікке, маған хабарласып, жазып жатыр, ал осы нәтижені сабырмен қабылдағандар да бар екен.

Айтайын дегенім, үміт үзбеңіздер! Грант алу мүмкіндіктері әлі де бар", - деп жазды Саясат Нұрбек өзінің Telegram-каналында.

Оның айтуынша, биылғы конкурсқа қатысушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 11 мыңға көп, сондықтан бәсекелестік те өте жоғары болды.

"Су тасқынынан зардап шеккен аймақтар үшін квота қарастырылғанымен, сол аймақтардың талапкерлері жалпы конкурс бойынша грант ұтып алды. Грант алғандардың тек 1130-ы немесе 1,7%-ы мүмкіндікті пайдаланды. Бұл аймақтарды қолдау үшін талапкерлерге дайындалу және конкурсқа құжаттарын тапсыру үшін мерзімі кеңейтілді, және конкурсқа ең жақсы ҰБТ нәтижесі бар сертификатын ұсыну мүмкіндігі берілді", - дейді ол.

Жоғары балл жинаған 10 мыңнан астам адам грант ала алмады, оның ішінде 7 мыңнан астамы шығармашылық мамандықтар бойынша екен.

"Мысалы, дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау бойынша 1 орынға 11 адам, сән және дизайн бойынша 9 адам, ал стоматологияға 1 орынға 35 адамнан келді. Құрметті түлек, қадірлі ата-ана, біздің мақсатымыз – ел экономикасына қажетті кадрлар дайындау", - деп түсіндірді ол.

Саясат Нұрбек түлектерге қандай мүмкіндіктер бар екенін атап өтті:

3 мыңға дейін талапкер гранттан бас тартуы мүмкін, олар келесі жоғары балл жинаған талапкерлерге беріледі.

Жергілікті атқарушы органдардың яғни әкімдік гранттары бар.

KazEnergy қауымдастығының гранттарын қосыңыз.

Х.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-де білім алу үшін Түркия Республикасының 500 гранты.

Жұмыс берушілердің гранттары.

Түркістандағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті 800 мақсатты грант ұсынады.

Қазақстан халқына қоры 850 грант бөледі.

Ректорлардың гранты, мысалы Тұран-Астана университеті Алтын белгі иегерлеріне гранттар бөліп жатыр.

Сессия қорытындысы бойынша бос грант алу мүмкіндігі және бар.

"Грант ала алмаған түлектерді осы жоғарыдағы мүмкіндіктерді барынша пайдалануға шақырамыз. Сәттілік тілейміз! Бәрі жақсы болады!", – деп жазба жариялады министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net