World News in Kazakh

Ұннан майға қуырып пісіретін тағам түрлері

Ұннан майға қуырып пісіретін тағам түрлері. Дөңгелек. Ләйлек. Бәтер. Шелпек. Қабыршақ шелпек. Май шелпек. Қиықша. Қошқар мүйіз. Сәлде. Ірімшік бауырсағы

Дөңгелек — жылы суға айран, сорпа қосып иленеді. Оқтаумен қалыңдығы 1 см болатындай етіп, жайылып, табаға қуырады. Кейбір аймақтарда дөңгелекті қалаш деп те атайды.

Ләйлек — қаймағы алынбаған сүтке жұмсақ етіп иленіп, табаға қуырылады.

Бәтер — ашыған айранға 1 ас қасық қант, аздап тұз, сары май қосып илеп, табаға жауып пісіреді.

Шелпек — шикі сүтке иленеді, жұқа жайылып қазанда қызып тұрған майға салып бірден аударып, қатырып жібермей алынады.

Қабыршақ шелпек — май құйып иленген қамырды жайып арасына жұмсартылған сары май кезектерін салып, бірнеше қабаттап қайта жаяды. Кәудірлетіп қуырады.

Май шелпек — сары майға иленіп, қалыңдау етіп жайылады. Қазандағы майды қатты...

Читайте на 123ru.net