World News in Kazakh

Құлыбаевтың компаниясына 13 миллиард теңге айыппұл салынды

Құлыбаевтың компаниясына 13 миллиард теңге айыппұл салынды

Атырау облысында мұнай компаниясына 13 миллиард теңгеден аса айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

"Каспий нефть" АҚ-ның 2021-2022 жылдары бұрғылау және кен орнын пайдалану қызметінде құралған 4500 тоннадан астам қауіпті қалдықтарға жинақталу лимитін алмағаны анықталды.

"Прокурордың ұсынысын қарау нәтижесі бойынша, Атырау облыстық сотының сот алқасының 02.07.2024 жылғы қаулысымен "Каспий нефть" АҚ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 13 684 868 730 теңге айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Прокуратураның принципті ұстанымы нәтижесінде әкімшілік айыппұл бюджетке өндіріліп, мемлекетіміздің Ұлттық қоры 13 684 868 730 теңгеге толықтырылғаны айтылды.

Айта кетейік, KASE мәліметтері бойынша, "Каспий нефть" акцияларының 100 пайызы Тимур Құлыбаевтың Joint Resources АҚ-на тиесілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net