World News in Kazakh

Павлодар түбіндегі жол апаты: ІІМ көлік тізгінінде полиция бастығы болғанын растады

Павлодар түбіндегі жол апаты: ІІМ көлік тізгінінде полиция бастығы болғанын растады

Павлодар - Семей тасжолында жол апаты болып, бір адам қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға түсті. ІІМ жол талғамайтын көлік тізгінінде жоғары лауазымды полиция офицері болғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ-нің Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабы бойынша, бұл полицей бұған дейін мемлекеттік мекемелерді күзету жөніндегі мамандандырылған қызметтің басшысы қызметін атқарған.

"ЖКО жасады деген күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол қамауға алынды. Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша, ІІМ бұйрығымен қызметкер теріс себептермен ішкі істер органдарынан босатылды", - деп хабарлады министрлік.

Еске салайық, шілденің аяғында Павлодар - Семей тасжолында жол талғамайтын көліктің мас жүргізушісі апатқа ұшырап, 71 жастағы ер адам қаза тауып, тағы екі адам, оның ішінде 12 жастағы бала зардап шеккен. Марқұмның жұбайы жол талғамайтын көліктің рульінде астаналық жоғары дәрежелі полиция қызметкері болғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net