World News in Kazakh

Тоқаев Ақордада Мирзиёевтің қызын қабылдады

Тоқаев Ақордада Мирзиёевтің қызын қабылдады

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентінің көмекшісі Саида Мирзиёеваны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында екі ел арасындағы көпжақты серіктестікті одан әрі ілгерілетуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстанның одақтастық әрі стратегиялық сипаттағы қарым-қатынасын атап өтіп, жоғары деңгейдегі саяси диалогтың тиімділігін арттыра түсу үшін екі ел президентінің әкімшіліктері арасындағы тығыз байланысты жолға қою маңызды екеніне назар аударды.

Кездесуде ақпараттық-идеологиялық, мәдени-гуманитарлық, білім беру және жастар саясаты салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мәселесіне айрықша мән берілді.

Президент Астанада халықаралық "Заковат" интеллектуалдық ойынының өткізілуіне қолдау білдіріп, мұндай іс-шаралар халықтарымыздың арасын жақындата түсетінін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net