World News in Kazakh

Қазақстанда армияға шақырылатындар санын арттыру жоспарланып отыр

Қазақстанда армияға шақырылатындар санын арттыру жоспарланып отыр

Қорғаныс министрлігі Қазақстанда мерзімді әскери қызметке кезекті шақырылушылар санын арттыруды жоспарлап отыр. Тиісті қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, Қорғаныс министрлігі Президенттің 1 ақпандағы "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығын орындау үшін әскерге шақырылушылар санын көбейтеді.

"Әскерге шақыру комиссияларының жұмысын және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі саны 40148 ер азаматты 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында әскерге шақыруды жүргізуді қамтамасыз ету", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 39 180 қазақстандық әскер қатарына шақырылып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net