World News in Kazakh

1 қыркүйек – жексенбі: Мектептерде алғашқы қоңырау өте ме

Биыл 1 қыркүйек жексенбі күнге түсіп тұр. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім күнінің демалысқа сәйкес келуіне қатысты түсініктеме берді.



«1 қыркүйек дәстүрге сәйкес білім күні. Сондықтан биыл да жылдағыдай алғашқы қоңырау салтанатты шарасы өтеді», - деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Биыл жаңа оқу жылында 1,7 млн оқушыға тегін тамақ беріледі.

Бұған дейін министр мектеп қауіпсіздігін баяу қамтамасыз етіп жатқан өңірлерді атады.

Бүгінде еліміз бойынша 280 мектеп күрделі жөндеуден өтіп жатыр.

Читайте на 123ru.net