World News in Kazakh

Синоптиктер Алматы, Астана және тағы 4 қала тұрғындарына ескерту жасады

Синоптиктер Алматы, Астана және тағы 4 қала тұрғындарына ескерту жасады

Қазгидромет Алматы, Астана және Қазақстанның тағы төрт қаласының тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2024 жылғы 7 тамызда Алматы, Риддер, Өскемен қалаларында, түнде Атырау, Қостанай, Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net