World News in Kazakh

Бұрынғы төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі 5 жылға сотталды

Төтенше жағдайлар жөніндегі бұрынғы бірінші вице-министр Ибрагим Күлшімбаевқа қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Биғайдаров мәлімдеді.

"Ол өзінің жеке үйін салу үшін әскери қызметшілер мен арнайы техниканы тарту туралы ТЖМ ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшылығына заңсыз нұсқаулар беру арқылы билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімі бойынша, оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деді Бигайдаров Антикор брифингінде.

Сонымен қатар, сот Күлшімбаевты генерал-майор әскери атағынан айыру туралы Мемлекет басшысының атына ұсыныс енгізу туралы шешім қабылдады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net