World News in Kazakh

Мемлекет басшысы Бразилия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Бразилия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилияның Сан-Паулу штатында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Луис Инасиу Лула да Силваға көңіл айтты.

"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өз атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Бразилия халқына көңіл айтамын", – деп жазылған жеделхатта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net