World News in Kazakh

Ер адамның көзінен 35 құрт шыққан

Дағыстан астанасы Махачкаладағы республикалық офтальмологиялық аурухананың дәрігерлері 55 жастағы ер адамның көзінен 35 құрт алып, оның көз жанарын сақтап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Медициналық мекеменің Telegram арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ ер адам оларға жедел медициналық жәрдем ауруханасынан түскен. Дәл сол жерде медицина қызметкерлері науқастың көзінен құрттарды байқаған.

"Көмек уақтылы көрсетілді және біз науқастың көру қабілетін сақтап қалдық", - деп түсіндірді көз жарақаты бөлімінің меңгерушісі Наида Гойтиева.

Қазір науқастың жағдайы жақсы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net