World News in Kazakh

БҚО-да жол апатынан полицей жұбайымен бірге қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жалпақтал ауылының маңындағы Чапаево - Жалпақтал - Казталов тасжолында төрт адам жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 24 тамызда сағат 08:20-да болды. ГАЗ-3102 көлігінің жүргізушісі тізгінді басқара алмай, жол жиегінде тұрған, шөп тиелген КамАЗ-бен соқтығысқан. Оқиға салдарынан төрт адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жатқызылды, олардың екеуі - кәмелетке толмағандар.

Жол апаты кезінде ГАЗ-3102 көлігінің жолаушылары - полиция қызметкері мен оның жұбайы қаза тапты. Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтады.
Жол апаты дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net