World News in Kazakh

Ер адам абайсызда велосипедтен Тобыл өзеніне құлап кетті

23 тамызда кешке 1985 жылы туған ер адам абайсызда велосипедтен Тобыл өзеніне құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті полиция қызметі учаскелік инспекторы Данабек Иғымбердиев пен Октябрь кенті тұрғыны Андрей Литвиненконың арқасында суға батып жатқан ер адам құтқарылды.Құтқарылған адам жедел медициналық қызмет қызметкерлеріне берілді.Қостанай облысының ТЖ департаменті Данабек Игымбердиев пен Андрей Литвиненкоға көрсеткен ерлігі үшін алғыс білдірді.

ТЖД азаматтарды сергек болуға, ережелерді сақтаудың маңыздылығын есте сақтауға шақырады!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net