World News in Kazakh

Өскеменде көппәтерлі үйден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды

Өскеменде өрт салдарынан көппәтерлі үйдің тұрғындары эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Қазақстан ТЖМ мәліметінше, өрт бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында болған.

"Келген өрт сөндірушілер құтқару құрылғысының (сорғыштардың) көмегімен 4 тұрғынды құтқарды, олардың үшеуі бала, түтін аймағынан 10 тұрғынды эвакуациялады", - деп хабарлады ведомстводан.

30 шаршы метр аумақта заттар өртеніп кетті.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net