World News in Kazakh

Қазақстанда жаңа мораторий енгізілді

Қазақстанда квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға екі жылдық мораторий енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мораторийді енгізу туралы ақпарат нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінің порталында пайда болды.

"Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу", - делінген құжатта.

Мына жағдайлар мараторийге бағынбайды:

"заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңның орындалуын қамтамасыз ету үшін компания құру қажет болады;
ерекше жағдайларда Қазақстан Президентінің тікелей тапсырмалары бойынша.

Осы қаулы "экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы" Президент Жарлығын орындау мақсатында оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Үкіметтің баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісіне қаулыға қол қойылғанын растады. Мораторий 2026 жылдың соңына дейін жарамды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net