World News in Kazakh

Алматы тұрғындары қою түтін байқады

Алматы тұрғындары "Барлық" базар ауданында аспанға көтерілген қалың түтінді видеоға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаланың ТЖД мәліметінше, 26 тамызда Наурызбай ауданында Жүнісов көшесінде құрғақ шөп өртенген. Сағат 13:10 шамасында өрт оқшауланды.


"Өрт қаупінің жоғары болуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан ашық отты пайдаланудан, от жағудан, темекі шегуден және құрғақ шөптер мен сабандарды жағудан бас тартуды сұраймыз! Кінәлі адамдар әкімшілік, ал ауыр зардаптар туындаған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деп еске салды ведомствода.


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net