Досаев Алматыдағы құрылыс салушылардың қулықтары туралы айтты
Алматы әкімі құрылыс салушылар салынған үйді өз бетінше қабылдау үшін қандай амалдарға жүгінетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әкімнің Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуінде Алматы тұрғыны өзі тұратын үйді салған құрылыс салушының проблемаларына шағымданды. Бұл тұрғын үй кешен тұрғындарының техникалық және авторлық қадағалауға кінәрат-талабымы бар.
Ерболат Досаев алдымен қаланың құрылысын бақылау басқармасы үйге техникалық аудит жүргізуі керегін, оның нәтижелері бойынша тұрғындар сотқа құрылыс салушыға талап қоюмен жүгінуі керегін айтты.
"2016 жылдан бастап бізде осы тақырыпқа қатысты мәселе бар, яғни компаниялар жобаларды техникалық және авторлық қадағалауды жалдайды, ал іс жүзінде өздері басқарады. Яғни, техникалық қадағалау үйдің дұрыс орындалғанын растайды, содан кейін жоқ болып кетеді. Олар жұмысты аяқтайды, жойылады. Сондықтан біз тіпті ешкімге іс қозғай алмаймыз. Қазір жаңа құрылыс кодексі әзірленіп жатыр, онда қажетті бақылауды қайтару және енгізу қажет көптеген нормалар пысықталады", - деді әкім.
Досаевтың айтуынша, Президент қолдаған мегаполисті дамыту ережелерін әзірлеу аяқталыл жатыр. "Алматының ерекше мәртебесі туралы" заң аясында өзгерістер енгізу жоспарланған. Қалада сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты реттеудің ерекше шарттары болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!