World News in Kazakh

Тоқаев Өзбекстан президентін құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Өзбекстанның экономикалық және әлеуметтік даму, халықаралық аренадағы беделін нығайту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру бағыттарында толайым табысқа жеткенін атап өтті.

Қазақстан Президенті ғасырлар бойы жалғасқан достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынасты одан әрі жан-жақты дамытуға ниетті екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің жауапты мемлекеттік қызметі табысты болуына және бауырлас өзбек халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net