World News in Kazakh

Денсаулық сақтау саласына мемлекеттік-жекеменшік әріптeстік тетігі арқылы қаржы тартылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында денсаулық сақтау саласына мемлекеттік-жекеменшік әріптeстік тетігі арқылы қаржы тартудың халықаралық тәжірибесі ескерілмей жатқанын сынады.

«Еліміздегі денсаулық сақтау саласын дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптeстік тетіктері арқылы ресурстарды белсенді тарту қажет. Өкінішке қарай, шетелдердің мемлекеттік-жекеменшік әріптeстікке қатысты озық тәжірибелері заңнамамызда толық көрініс тапқан жоқ. Мұның бәрі жобалардың тиімсіз болуына, бюджетке түсетін салмақтың тым артуына әкеп соқтырады. Бұл тәсілдерді қайта қарап, инвестиция тарту үшін ақылға қонымды тарифтер ұсыну қажет. Үкімет денсаулық сақтау және білім беру саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке қатысты жаңа нормативтер мен ережелер әзірлеуі керек», — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев білікті медицина мамандарының тапшылығы әлі де өзекті мәселе екенін айтады.

«Бұл мәселені шешу үшін, ең алдымен, медицина саласындағы білім сапасын барынша арттырған жөн. Соның ішінде грант құнын білім беру үдерістерінің деңгейіне қарай саралау арқылы белгілеп, тиімді тарату қажет», — деді Президент.

Сообщение Денсаулық сақтау саласына мемлекеттік-жекеменшік әріптeстік тетігі арқылы қаржы тартылады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на 123ru.net