World News in Kazakh

Әкім Бағдат Қарасаевтың ұсталуының жай-жапсары белгілі болды

Алматы облысы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевтың ұсталуының жай-жапсары белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олар туралы Алматы облысының прокуратурасы хабарлады.
Қадағалау органы мәліметінше, Іле ауданындағы қоқыс полигонының қызметін бірлесе тексеру нәтижесінде әкім сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен қамауға алынды.

"Алматы облысының прокуратурасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Іле ауданында орналасқан қоқыс полигонының қызметін бірлесіп тексеруді аяқтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 2024 жылғы 3 қыркүйекте әкім Қарасаев сыбайлас жемқорлық қызметіне күдік бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-131-баптары тәртібінде ұсталды. Оған кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу, мемлекеттік мүддеге нұқсан келтіретін қызметтік өкілеттерді асыра пайдалану және билікті асыру бойынша айып тағылды", - деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.

2024 жылдың 4 қыркүйегінде прокуратура қылмыстық істің материалдарын қарау және бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберді.
Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарасаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты растаған болатын.
60 жастағы Бағдат Қарасаев Алматы облысы Іле ауданының әкімі болып 2018 жылдың наурыз айынан бері қызмет етіп келеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net