World News in Kazakh

Бүгін Отбасы күні

Қазақстанда Отбасы күні қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мерекенің басты мәні - ұлттық дәстүрлі құндылықтарды еске түсіру, бір-бірімізге қамқорлық жасау және отбасында жылулық пен сүйіспеншілікті сақтау маңызы.

2009 жылы елдің ұлттық комиссиясы Қазақстанда Отбасы күнін ұйымдастыруды және оны 15 мамырда, Халықаралық отбасы күнімен бір күнде атап өтуді ұсынды.

Алайда 2013 жылы наурызда экс-президент Қазақстан Республикасының кәсіби және өзге де мерекелерінің тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Осылайша, елде жаңа мереке – Отбасы күні пайда болды және оны тойлау күні қыркүйектің әр екінші жексенбісі ретінде анықталды.

Қазақстандықтар 10 жылдан астам уақыт бойы бірлік пен отбасылық құндылықтардың маңыздылығын білдіретін мерекені атап өтіп келеді.

Айта кетейік, статистика бюросының мәліметінше, биыл қаңтардан маусымға дейін Қазақстанда 57,5 мың жаңа отбасы құрылды. Ал былтыр осы кезеңде 53,8 мың неке тіркелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net