World News in Kazakh

Алматыда қалта ұрыларының қылмыстық тобы күніне миллион “табыс тапқан“

Алматыда қалта ұрыларының ұйымдасқан қылмыстық тобы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда прокурорлар "қалта ұрылары" ұйымдасқан қылмыстық тобының қызметіне тосқауыл болды.

"Прокуратураның үйлестіруімен соталды тергеп-тексеру жүргізіліп, ҰҚТ-ның көшбасшысы мен 11 мүшесі былтырғы қарашадан бері қоғамдық көліктерді торуылдап, азаматтардың құнды заттарын ұрлағаны анықталды. Орташа есеппен, қаскүнемдердің күнделікті қылмыстық табысы шамамен миллион теңге болған", - делінген хабарламада.

Сот үкімі бойынша, қылмыстық топтың 9 мүшесі ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды. ҰҚТ-ның екі қатысушысына іздеужарияланып, оларға қатысты жеке тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net