World News in Kazakh

Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апаты: бір адам қаза тапты

Алматы облысы Қонаев терминалы ауданындағы тасжолда бір адамның өмірін қиған жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Chevrolet Cobalt жүргізушісі Алматы-Өскемен автожолының 25-шақырымында рөлді басқара алмай, бетон қоршауға соғылып, содан кейін инерция бойынша алдында тұрған Hyundai Sonata автокөлігімен соқтығысқан.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet cobalt жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болған. Жол апаты дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Тергеу жалғасып жатыр.












View this post on Instagram

A post shared by 100BAKSOFF_PRESS (@100baksoff_press)


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net