Мектеп, ұстаз туралы өлеңдер мен әндер топтамасы
Мейірбан ұстаздар
Әні: Ж. ЕспаевСөзі: Қ. Жұмағалиев
Жайраңдап көктемім,Күледі көкте күн.Құшағын тұр жайып,Аяулы мектебім.
Санама нұр құйған,Ұстазым көп менің.
Қайырмасы:
Мейірбан ұстаздарСанама нұр құйғанҰстазым көп менің.
Биікке өрлеген,Тайсалып көрмегенҰрпақтың кеудесінҚуаныш кернеген.Ұстаз деп ән шырқап,Күй төккен пернеден.
Қайырмасы:
Елімнің баласы,Ауылы, қаласы,Кәрісі, жасы да,Кемеңгер данасыҚарыздар ұстазғаАдамзат баласы.
Қайырмасы.
**********
Ұстазыма
Әні: Ә.ТелғозиевСөзі: Н.Әлімқұлов
Мұғалім ардақты ұмытылмас,Өзіме бала күннен үні сырлас.
Нәр алып алғашқы рет сол ұстаздан,Арманның асқарына ұмтылған жас.
Қайырмасы:
Мұғалім берген білім, ойБойымдағы күш жалын.
Көңілімнің нұры ғойСүйікті менің...