World News in Kazakh

Қазақстандық өз органын сатпақ болған

Ақтөбеде прокуратура адам ағзасын заңсыз сату әрекетін анықтады. Қылмыс жасады деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақтөбе облысы прокуратурасының мәліметінше, интернет-кеңістікті бақылау барысында қызметкерлер Қазақстан азаматының ішкі ағзаларын сату бойынша заңсыз мәміле жасауы мүмкін екендігі туралы ақпарат алған.

"25 қыркүйекте прокуратура бастамашылық еткен жедел-іздестіру іс-шаралары шеңберінде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметкерлері ішкі органдарын сату бойынша жалпы сомасы 9 миллион теңгеге заңсыз мәміле жасағысы келген азамат Е.-ні ұстады. Осы факт бойынша ҚК-нің 116-бабы 1-бөлігі бойынша "Адам ағзалары мен тіндерін алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою" бойынша соталды тергеу басталды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net