Қонжық пен көжек
Бiрде қоянның көжегi енесiне келiп шағыныпты.
— Аюдың қонжығы менi «бадырақ көз» деп мазақтайды, — дейдi жыламсырап.
Енесi:
— Одан басқа не дедi? — дейдi.
— «Қалқан құлақ, қыли көз!» — дейдi.
— Сен оған не деп едiң?
— Мен бе, мен… — дейдi көжек тұтығып, — ештеңе де айтқаным жоқ…
— Сен үндемей тұрғанда, өзi келiп тиiстi ме?
— Оны көрген кезде мен: «Қорбаңбай!» деп едiм…
— Көрдiң бе, әне! — деп ескертедi енесi. — Алдымен өзiң тиiсiпсiң ғой. Мазақтап ренжiткенсiң. Ол мазақтаса, ыза болып, арыз айтасың. Бұл — ұят емес пе?
Сонда көжектiң басы салбырап, үнсiз қалыпты.