World News in Kazakh

Екібастұзда өртсөндірушілер өрттен екі адамды құтқарды

Екібастұзда өртсөндірушілер өрттен екі адамды құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екібастұз қаласында Кеншілер көшесі бойындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде 4-қабаттағы пәтерден өрт шықты.
ТЖД күшімен құтқару қалпақтары арқылы баспалдақ маршымен екі адам құтқарылды. Өрт 10 шаршы метр аумақта жедел сөндірілді.

"Зардап шеккендер жоқ. Өрт шыққан жағдайда 112 нөмеріне хабарласыңыз!" - деп кеңес берді құтқарушылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net