World News in Kazakh

Алматы мен Астанада және тағы 6 қалада метеорологиялық жағдай қолайсыз болады

30 қыркүйекте Қазақстанның сегіз қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылғы 30 қыркүйекте Қостанай, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалалада ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net