World News in Kazakh

Ақтөбеде “Гүлдер әлемі“ гүлдер фестивалі өтті

Ақтөбеде соңғы жылдары дәстүрлі түрде өтетін "Гүлдер әлемі" гүлдер фестивалі өтті.
Оған қала кәсіпорындары, жеке кәсіпкерлер, оқу орындарының, балабақшалар мен мектептен тыс ұйымдардың ұжымдары, сондай-ақ әуесқой гүл өсірушілер қатысты. Жалпы саны 95 ұжым өз жұмыстарын ұсынып, 8 номинация бойынша бағаланды.


Абай скверінде өткен шараға гүлдерден жасалған бұйымдарды тамашалауға келген тұрғындарды қала әкімі Азамат Бекет құттықтады.


"Бұл фестивальді болашақта кең көлемде өткізіп, Ақтөбенің, өзіндік айшықты шараларының біріне айналдыруымыз керек."Гүлдер әлеміне" қызығушылық, танытушылар көбеюде. Бұл әрі балаларды табиғатты аялауға тәрбиелейді. Барлық, қатысушыларға алғыс білдіремін", - деді Азамат Бекет.

Читайте на 123ru.net