Алматыда дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегері пышақ жарақатын алды
Әлеуметтік желіде Алматыда дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегері төбелес кезінде пышақ жарақатын алғаны туралы ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде шабуылдың видеосы пайда болды. Төбелестің өзі видеода көрінбейді, себебі әрекет тұрақтағы көліктердің ортасында болған. Бірақ бір сәтте бір топ ер адам жол талғамайтын көліктің артына жиналып, кейін тез арада тарап кеткенін көруге болады.
Әлеуметтік желідегі басылым мәдіметінше, дзюдошы Дамир Исаханов жүрек тұсынан пышақ жарақатын алып, аман қалған.
Алматы Полиция департаменті шабуылды растады.
"Аталған факт бойынша Алмалы ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Соталды тергеп-тексеру жан-жақтылық, толықтық және объективтілік қағидаттарына қатаң сәйкестікте жүргізіледі. Тергеу барысы Алматы ПД басшылығының бақылауында", - деп хабарлады ведомство.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!