World News in Kazakh

Алматыдағы ақылы автотұрақ ісі: Мұрат Боранбаев 2 жылдан аса уақыттан бері іздеуде жүр

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігі Мұрат Боранбаевты іздестіру жұмыстары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске салайық, танымал кәсіпкердің інісі Алматыдағы ақылы автотұрақ – "А-паркинг" ісі бойынша күдікті болған еді. Бірнеше жыл бұрын тергеу басталған кезде оған іздеу жарияланған болатын.
Бас прокуратура мәліметінше, іс әлі де тергеуде.

"ҚР ҚК-ның 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс Алматы Экономикалық тергеу департаментінің өндірісінде жатыр, ол бойынша 19.01.2023 жылы күдіктіні іздестіруге байланысты соталды іс жүргізу мерзімін үзу туралы шешім қабылданды", - деп хабарлады Бас прокуратура.

Өз кезегінде ҚМА Мұрат Боранбаевтың әлі де халықаралық іздеуде екенін растады.

"Экономикалық тергеу қызметінің өндірісінде мемлекеттік қаражатты аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр және Мұрат Боранбаевқа халықаралық іздеу жарияланды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес соталды тергеп-тексеру деректері жария етілмейді. Олар прокурордың рұқсатымен, егер бұл тергеу мүдделеріне қайшы келмесе және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға байланысты болмаса, мүмкін деп танылатын көлемде ғана жария етілуі мүмкін", - деп хабарлады ҚМА Tengrinews.kz тілшісінің сауалына жауап бере отырып.

Еске салайық, кәсіпкер Мұрат Боранбаевқа 2022 жылдың шілдесінде іздеу жарияланған болатын. ҚМА Алматыдағы ақылы автотұрақ ісі бойынша 54 жастағы Мұрат Боранбаевты "қылмыстың басты фигуранты және ұйымдастырушысы" деп атады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net