Қазақстандағы көлік ағыны ең көп тасжолдар аталды
2024 жылдың басынан бері Қазақстанда ақылы жолдармен 39 миллионнан аса көлік жүргені тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Көлік ағыны ең көп бағыт Шымкент-Өзбекстан шекарасы бағыты болды, онда 6,6 миллион рет көліктер жол жүргені тіркелген.
Көлік қозғалысы басым басқа бағыттары:
Алматы - Қонаев: 4,8 миллион рет;Шымкент - Тараз: 4,4 миллион рет;Тараз - Қайнар: 3,6 миллион рет;Шымкент - Қызылорда: 3,3 миллион рет;Астана - Теміртау: 2,9 миллион рет;Қонаев - Талдықорған: 2,7 миллион;Астана - Щучинск: 2,5 миллион рет;Щучинск - Көкшетау: 1,9 миллион рет;Астана - Павлодар: 1,7 миллион рет;Алматы - Қорғас: 1,6 миллион рет;Көкшетау - Петропавл: 1,1 миллион рет;Павлодар - Семей - Қалбатау: 887 мың рет;Орал - Ресей шекарасы (Самараға): 637 мың рет;Павлодар - Ресей шекарасы (Омбыға): 590 мың рет;Орал - Ресей шекарасы (Саратовқа) : 363 мың рет;Бейнеу - Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы): 152 мың жол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!