Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының саны өсті: бас прокурор мәлімдеме жасады
Былтырғымен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының саны 90 пайызға артқан. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Былтырғымен салыстырғанда жолдағы апат саны 90 пайызға өсті. Жол-көлік оқиғалары құрбандарының саны да артқан. БҚО, ШҚО, Атырау, Маңғыстау, Абай, Ұлытау облыстары мен Шымкент қаласында теріс үрдіс болып жатыр", - деп жазды Асылов X (бұрынғы Twitter) парақшасында.
Берік Асылов осыған байланысты нақты шаралар әзірлеуді тапсырғанын айтты.
"Осыған байланысты, прокурорларға мемлекеттік органдармен бірлесіп, ең алдымен жолдардың неғұрлым апаттық-қауіпті учаскелеріне назар аудару арқылы ЖКО-ның себептерін анықтап, нақты шаралар әзірлеуді тапсырдым".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!