World News in Kazakh

Астана тұрғыны құдыққа құлап, құтқарушылар жеткенше өзі шығып кеткен

Астанада 18 жастағы жігіт суы бар құдыққа құлап кетті. Ол құтқарушылар келгенше құдықтан өзі шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде автор №3 балалар ауруханасының ауданындағы ашық құдықты көрсетіп, оған баланың құлағанын айтқан видео пайда болды.
ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, елордалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Рысқұлов көшесінде жасөспірім құдыққа құлағаны туралы хабарлама бойынша шыққан.
Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлер шақыру орнына 14 минутта жетті деп мәлімдеді. Келгеннен кейін олар 2006 жылы туған жігіттің құдықтан өз бетінше шығып кеткенін анықтады.

Есіл ауданының әкімдігі құдықтардың қақпақтары жеке ауыр техниканың өтуі нәтижесінде ашылғанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта барлық құдық беті жабылып, коммуналдық қызметтер тексеріп жатыр. Аудан әкімдігі ұңғымалардың жай-күйін бақылау жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады", - деді баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net