ІІМ бірінші орынбасары қызметінен босатылып, Сенатқа депутат болып тағайыналды
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Марат Шәдетханұлы Қожаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Келесі кезекте Тоқаев Марат Қожаевты Парламент Сенатының депутаты етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!