АЭС бойынша референдум: алғашқы exit-poll қорытындылары
Қазақстандағы АЭС бойынша референдумның exit-poll мәліметтері белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында "Социс-А" институтының талдаушысы Әлібек Тәжібаев exit-poll нәтижесін жария етті.
"СОЦИС-А" "Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана" ЖҚ жүргізген exit-poll нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысқандардың 69,8 пайызы Қазақстанда АЭС салуды қолдады және азаматтардың 30,2 пайызы қарсы шықты.
Ал Amanat партиясының Қоғамдық саясат институтының жүргізген exit-poll қорытындысы бойынша азаматтардың 72,3 пайызы АЭС салуға келісім берген, 27,7 пайызы қолдамаған.
Еске салайық, АЭС бойынша референдум 6 қазан, жексенбі күні сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтті. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметінше, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша азаматтардың 63,87%-ы, 7 820 918 адам дауыс берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!