Қазақстандағы дала өрті: ТЖМ әуеден түсірілген кадрларды көрсетті
ТЖМ дала өрті болған аумақты әуеден бақылау кезінде түсірілген кадрларды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
6 қазанда Қарағанды облысындағы Қоянды ауылының маңында құрғақ шөп өртенді. Оқиға орнына орман шаруашылығы бөлімінің өртсөндірушілері, төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері және ерікті өртсөндірушілер келді.
Құтқарушылар әуеден тексеру жүргізіп, өрт орнындағы жағдайды бағалады.
6 қазанда өрт аумағы 3000 гектардан асқаны белгілі болды, бұл шамамен 4200 футбол алаң.
7 қазанда ТЖМ Қарқаралы ауданындағы өртті сөндіру кезінде ПЧ-24 аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Хайрат Хали қаза тауып, тағы төрт адам жараланғанын хабарлады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!